2017 жылдың 21 ақпаны күні Орыс және шет тілдері кафедрасы «Көп тіл білу – білім қамалдарының кілті» атты тілдер фестивалін ұйымдастырып, өткізді. Іс-шараны дайындаған ОжШК-ның оқытушылары – Тунгушбаева Бахыт Калжановна және Изотова Айгерим Сериковна.
Мұндағы мақсат – жастардың шетел және орыс тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Фестивальға әртүрлі факультеттерден 25 студент қатысты. Іс-шараны ТС-16-1 тобының студенттері Енкибаева Камила және Мукашева Мадина жүргізді.
Фестиваль соңында барлық қатысушылар грамоталармен марапатталып, ал жеңімпаз-командаға ескерткіш сыйлық табыс етілді. Фестиваль ескерткіш суретке түсу рәсімімен аяқталды.