«Күміс университет» бағдарламасы аясында «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» курсы ұйымдастырылды


«Күміс университет» бағдарламасы аясында, егде жастағы азаматтардың әлеуметтік қолдауын қамтамасыз ету және белсенді өмір сүруге қажетті дағдыларын дамыту мақсатында, Қарағанды қаласының «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті арасындағы ынтымақтастық Меморандумына сәйкес, Үздіксіз білім беру институты «Цифрлық сауаттылық және жасанды интеллект» жобасын іске асырды.

Курс практикалық бағытта өткізілді: қатысушылар цифрлық сауаттылық негіздерін меңгеріп, жасанды интеллекттің күнделікті өмірде қолдану мүмкіндіктерімен танысты. Соңында курсты аяқтаған 22 тыңдаушыға сертификаттар табысталды.

Жобаны жүзеге асыру үздіксіз білім берудің маңыздылығын айқындайды және университеттің белсенді ұзақ өмір сүру бағдарламаларын дамытуға қосқан үлесін көрсетеді.

Без рубрики