13 қарашада QarTech хабы қызметі аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында ERG «Көмір» дивизионының өндіріс жөніндегі директоры – Павел Чувашовтың қатысуымен эксперттік сессия өтті. Павел Юрьевич – Saginov Technical University түлегі, оқуды маркшейдер мамандығы бойынша аяқтаған.
Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Али Мехтиев өңірдің инновациялық дамуын жеделдету үшін ғылым, білім және өнеркәсіпті біріктірудің маңыздылығын атап өтіп, кіріспе сөз сөйледі.
Эксперттік сессия шеңберінде спикер саланы дамытудың өзекті көзқарасымен, көмір өндірісін жаңғыртудың стратегиялық басымдықтарымен және негізгі бағыттарымен бөлісті: компанияның заманауи дамуын, оның ішінде шахталарда пилотсыз самосвалдарды енгізуді көрсететін бейнероликтер ұсынылды.
Q&A сессиясы барысында қатысушылар балық аулауға деген құштарлықтан бастап шахталардың жұмыс ерекшеліктері мен саладағы мансаптық дамуға дейінгі әр-түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар қойды. Кездесу соңында қонақ ең белсенді қатысушыларға алғысын білдіріп, оларға компания атынан фирмалық кәдесыйлар таратты. Іс–шара отандық өнеркәсіп пен инновацияның болашағына мүдделі 50-ден астам қатысушыларды-студенттерді, инженерлерді, оқытушылар мен стартаперлерді біріктірді.
Кездесу соңында Павел Юрьевичке QarTech қауымдастығының дамуына қосқан үлесі үшін Алғыс хат пен сыйлыққа STU мерчі табысталды.
#QarTech #QarTechHub









