Көлік жүйесін құру мен жаңғыртудың перспективалық бағыттары талқыланды


2022 жылғы 13-14 мамырда Ташкент мемлекеттік көлік университетінде (Өзбекстан) көлік жүйесін құру және жаңғырту кезіндегі проблемаларды талдау және шешімдерді іздеуге арналған халықаралық ғылыми-техникалық конференция өтті. Оны өткізу барысында өндірістерді цифрлық трансформациялау жағдайында көлік саласын дамытудың перспективалық бағыттары талқыланды.

Конференцияға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының меңгерушісі Б.Ш.Асқаров қатысып, пленарлық отырыста «Карьерлік тепловоздар қозғалтқыштарының пайдаланылған газдарын оқшаулау құрылғысын әзірлеу» өзекті тақырыбына баяндама жасады.

Без рубрики