Көктем аруы


 «Ехро — 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында қалалық колледж студенттері арасында 2017 жылдың 15 наурыз күні Кеншілер мәдениет сарайында «Көктем аруы» сайысы өтті. «Қыз елдің көркі» деген сайысқа қатысушы арулардың сұлулығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі емес пе? Қазағымыз қызды қырық үйден тыйу деген. Шын жүйрікте мін болмас. Сайысқа қатысқан барлық арулар «Көктем аруына» лайық.

ҚарМТУ инновациялық технологиялық колледжінің К9/16 КОПЖТ тобының студенті Қаниева Арайлым кілең жүйріктердің ішінен оза шығып, жүлделі 3-ші орынға ие болды. Осы сайыс арқылы тағы да біз Қазақ қыздарын ең сұлу, ең ақылды мәртебесі биік екенін айтып мақтана аламыз. Арулардың жеңіске деген жігерін көріп мына өлең шумақтарын еске алуға болады:

Мен Қазақ қыздарына қайран қалам.

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе елдің көркі»,- деген сөзді,

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Без рубрики