Интернационалист-жауынгерлердің студенттермен кездесуі


8 ақпан 2017 жылы патриоттық тәрбие беру ҒЗИ қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кеңең әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 28 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлердің студенттермен кездесуі өтті.

Кездесуге Қарағанды қаласының «Ардагер» Ауған соғысы мен мүгедектерінің одағы» ҚБ төрағасы Т.Б. Хасенов, Қарағанды қаласының «Ардагер» Ауған соғысы мен мүгедектерінің одағы» ҚБ төрағасының орынбасары А.М. Байкенов, Қарағанды қаласының «Ардагер» Ауған соғысы мен мүгедектерінің одағы» ҚБ төрағасының орынбасары С.А. Сахнов, «Ардагер» одағының мүшелері, Ауған соғысының ардагерлері: А.М. Жұматаев, К.С. Асылбеков, С.А. Жақанов, Б.Б. Тайбеков, сонымен қатар

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ҚММ «Қарағанды облысының жастармен жұмыс жасау орталығы» инспекторы М.У. Тұрсынбекова қатысты.

Кіріспе сөзімен тәрбие ісі жөніндегі проректор Н.А. Алпысбаева 28 жыл бұрын 10 жылға созылған Ауған соғысының аяқталғанын айтты. Біздің еліміздің тарихында бұл оқиғалар маңызды роль атқарды. Гератада болған халықтың үкіметке қарсы наразылығы өршіген кезде, алғаш рет біздің әскерді Ауғанстанға еңгізу туралы 1979 жылы 15 наурызда күн тәртібіне енді. Ауғандық басшылар халық наразылығын басу үшін кеңес әскерін Ауғанстан Демократиялық Республикасы (АДР) аумағына еңгізуге әскери көмек көрсетуді сұрады. Сансыз қиындық көрген Кабул және оның жансыз даласы біздің тарихқа енді. Онда орны толмас, жазылмаған жаралар көптеген ерлерді қайтармады.

Қонақтар студенттерге өткен соғыс туралы, бөгде жерде өмірден кеткен біздің ер азаматтарды отбасына әкелгендері жайлы айтты.

Кездесу ыстық ықыласты жағдайда өте, қорқынышты, қатыгез соғыс жайлы әңгімені студенттер қызығушылықпен тыңдады.

Қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Кездесу соңында Қарағанды қаласының «Ардагер» Ауған соғысы мен мүгедектерінің одағы» ҚБ төрағасы Т.Б. Хасенов қонақтарды, студент жастарды құттықтап, барлығына денсаулық, ашық аспан тіледі!

 

Без рубрики