🗣️Танымдық маңызы зор алқалы жиында алғашқы сөз колледж директоры Нұрбибі Абсадыққызы Смағұловаға берілді: «Жастар — ел дамуының басты күші, келешегіміздің негізгі тірегі» -деп атап өтті Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында. Ендеше, жастарға артылар міндет пен сенім жоғары. «Мен — жастарға сенемін!» — деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, біз де осы мақсатта студенттерге сапалы білім беріп, цифрлық сауаттылығын арттырып, креативтік ойлау жүйесін тереңдетіп, кәсіби мамандар даярлаудамыз деді колледж басшысы. Бұдан соң, Нұрбибі Абсадыққызы жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады!
🔷Ізгі тілектен кейін, әдемі сахналық көріністер көпшілік назарына ұсынылды. Алдымен студенттер көк байрағымызды әкеліп, ұлттық нышанымызды ұлықтады! Өнерлі жастар мерекеге арналған өлеңдерін оқып, домбырамен күй тартып, мың бұрала биледі. Отан және туған жер туралы патриоттық әндерін шырқады. Мұның өзі көпшілікке мол мотивация берді.
🔸Бұл күндері білім ордасында, өз Отанын ерекше сүйетін, туған халқының рухани байлығы — тілі мен мәдениетін, салт — дәстүрін дәріптейтін еліміздің Елтаңбасы мен Әнұранын және Көк туын құрметтей білетін СТУДЕНТ жастарды тәрбиелеп жатқанына көпшілік сүйсінді!
📍Осынау тамаша мерекелік шараның жоғары деңгейде өтуіне колледж оқытушысы Әдемі Аққошқарова көп еңбек сіңірді.



