«Оқытушы Инноватор» бизнес-жобалар байқауы


2017 жылдың сәуір айында білім ордамыз «Евразиялық топ» ЖШС-нің бақылауында «Студенттік ортада жастар арасындағы кәсіпкерліктің экожүйесін құру» бизнес-жобалар байқауына қатысушы  ЖОО-ның бірі ретінде іріктеліп алынды.

Жобаның басты мақсаты  — біздің және Қазақстанның жетекші университеттерінің студент-профессорлар құрамы арасында кәсіпкерлікті дамыту. Жобаның кеңесшісі – Almaty Management University (AlmaU).

21.02.2018 жылы ҚарМТУ-дан AlmaU университетімен серіктестікте бес бизнес-жоба ұсынылды. Байқау финалында ИКМ кафедрасының меңгерушісі Л.П. Стеблякованың басшылығындағы жоба ең үздік деп танылып, оны жүзеге асыру үшін 100 мың теңге көлемінде сыйақы берілді.

Без рубрики