IELTS» — халықаралық стандартты тестілеуге дайындық курстарына қабылдау


Құрметті студенттер, магистранттар, докторанттар және оқытушылар!

ҚарМТУ-дың Халықаралық серіктестік және академиялық мобильділік орталығы халықаралық стандартталған IELTS тестілеріне дайындалу курстарына қабылдау жүргізеді

• IELTS – бұл ағылшын тілі бойынша білімін сынаудың барынша көп қажет етілетін халықаралық жүйесі. Еуропа және АҚШ ЖОО-на түсу, ERASMUS MUNDUS, TEMPUS, Fulbright, JFDP сияқты т.б. да шетелдік білім беру және оқытушылар/студенттердің мобильділігі бағдарламаларына қатысу үшін, сондай-ақ сөйлеу тілі ағылшын тілі болып табылатын мемлекетке оқуға немесе жұмыс істеуге бару үшін шетелдік әр азамат осы емтиханнан өтуге міндетті.
• IELTS сертификаты Қазақстан Республикасында магистратура және докторантураға түсуге де жарамды, сондай-ақ шетелдік компанияларға жұмысқа орналасу кезінде де қабылданады.

• Дайындық курстарын Кэмбридж Университетінің (Англия) MРhil in Education (University of Cambridge) бағдарламасының түлегі, IELTS және Британ Кеңесінің сертификатталған тренері жүргізеді.

• Курс бағдарламасына Академиялық модульдің барлық төрт секциясы бойынша дайындық кіреді. Курстың ұзақтығы – екі ай.

• Өтінімдерді 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін мына электронды поштаға жіберу керек: dailedame@yandex.ru немесе мына телефонға байланысу қажет: +77057636001

Без рубрики