«Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі тағайындалды


Конкурстық комиссияның 2025 жылғы 17 желтоқсандағы №11 шешімі негізінде және «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры С.С. Сагинтаеваның бұйрығымен Металлургия және машина жасау факультетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі болып Искандеров Аблайхан Нурбаевич тағайындалды.

Жаңа кафедра меңгерушісін ұжымға «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор Нүсіпбеков Бекболат Рақышұлы таныстырды.

Сондай-ақ кафедраны ұзақ жылдар бойы басқарған Такибаева Алтынарай Темирбековнаға көпжылғы жемісті еңбегі үшін Басқарма Төрағасы – Ректордың атынан алғыс хат табыс етілді.

Аблайхан Нурбаевичті тағайындалуымен құттықтай отырып, жаңа қызметінде сәттілік пен кәсіби жетістіктер тілейміз.

Без рубрики