«Халық қолөнері» жәрмеңкесі


23 ақпан күні ҚарМТУ-дың 1-корпусының фойесінде университет студенттерінің Сән мектебі үйірмесінің мүшелері «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымымен біріге отырып,  «Халық қолөнері» жәрмеңкесін өткізді.

Жәрмеңкені тамашалауға келгендер үйірме шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар мен қолдан жасалған тәтті-дәмділерді кезекке тұрып, сатып алып жатты.

  • Сән мектебінің ашылғанына төрт-ақ ай болды. Бұл біздің алғашқы жәрмеңке-көрмеміз. Алайда болашақта үлкен жоспарларымыз бар, соның бірі – университетте үйірме мүшелерінің өздері ойлап шығарған және өз қолымен тіккен киім үлгілерінің көрсетілімін өткізу, — дейді «Сән мектебі» үйірмесінің жетекшісі, ҚарМТУ студенті Тоғжан Карибаева.

Жәрмеңке өте жақсы деңгейде өтті. Шебер қолдар жасаған ұйымдарды сатып алған әрбір жанның бұл іске қосқан  қосымша үлесі де бар. Атап айтар болсақ, осы жәрмеңкеден түскен қаражаттың барлығы қайырымдылық мақсатына жұмсалмақ.

Университет қабырғасында осындай игі қайырымдылық шараларының өткізілуі құптарлық жағдай.  Бұл – тек  студенттің шығармашылығын дамытуға әсер етіп қана қоймай, оның университет өміріне етене араласуына, рухани жағынан өсуіне себеп болатын тәрбиелік маңызы зор іс.

Без рубрики