Saginov Technical University делегациясы Қытай Халық Республикасындағы Шихэцзы университетіне жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында Металлургия және машина жасау факультетінің деканы А. Макашева, Көлік, логистика және инженерлік экономика факультетінің деканы Э. Қызылбаева, Ақпараттық технологиялар факультеті деканының міндетін атқарушы А. Калинин, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г. Рахимова, «Механика» кафедрасының профессоры Т. Филиппова және ««Радиоэлектроника және телекоммуникациялық технологиялар» кафедрасы» кафедрасының меңгерушісі Н. Калиаскаров болды.
Сапар Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен Шихэцзы университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық аясында ұйымдастырылып, академиялық және ғылыми өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған. Іссапар аясында сондай-ақ студенттерге дәрістер оқылып, бірлескен ғылыми зерттеулерді іске асыру және қос дипломды білім беру бағдарламаларын енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Шихэцзы университетінің басшылығымен кездесулер өтіп, серіктестік қатынастарды кеңейту, институционалдық өзара іс-қимыл және академиялық ұтқырлықты дамыту мәселелері қарастырылды. Делегация университеттің мұражайын аралап, инфрақұрылымымен және заманауи ғылыми-білім беру технологияларымен де танысты.
Қол жеткізілген келісімдер мен сапар нәтижелері халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, бірлескен оқу бағдарламаларын дамытуға және басым бағыттар бойынша ғылыми жобаларды іске асыруға негіз болады.