Сәулет-құрылыс факультетінің халықаралық ынтымақтастығы


 Сәулет-құрылыс факультеті


Академиялық ұтқырлық 

Сәулет-құрылыс факультеттің халықаралық қызметі халықаралық әріптестік, шетел ғалымдарын шақыру, халықаралық бағдарламаларға қатысу түрінде іске асады.

Сәулет-құрылыс факультетінің кафедралары халықаралық әріптестермен белсенді жұмыс жүргізеді:

« Құрылыс материалдары және технология»  кафедра студенттердің мобильділігі жөнінде Халықаралық ҚазБСҚА білімдік корпорациясымен (Алматы), ШҚМТУ (Өскемен), Мәскеу мемлекеттік құрылыс университетімен (Ресей), Орлов мемлекеттік техникалық университетімен (Ресей), В.Г. Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университетімен бірлесіп қызмет жасайды;

«Сәулет және дизайн» кафедрасы бойынша оқытушылар-профессорлар құрамы ғылыми тағылымдамадан өту мақсатында шығармашылық мамандықтар негізгі курстарын оқу үшін лекцияларға 2015 жылға қарай Новосибирск сәулет-көркем академиясымен (Ресей), Нижегород сәулет-құрылыс акдемиясымен (Ресей), Мәскеу сәулет-құрылыс институтымен (Ресей) келісім-шартқа отыруды жоспарлауда;

«Механика» кафедра жалпытехникалық пәндерін үйрету, ұшу құрылғыларының беріктілігін мен динамикасын зерттеу мәселелері бойынша Новосибирск мемлекеттік университетімен қызмет жасайды;

«Орыс тілі және мәдениеті» кафедрасы біліктілікті жетілдіру сұрақтары бойынша Мәскеу мемлекеттік техникалық университетімен (Ресей), бірлескен мақалалар жариялау бойынша В.И. Ленин атындағы Иванов энергетикалық университетімен қызмет жасайды.

Қызмет жасау мәселелері қарастырылуда:

«Құрылыс материалдары және технология» кафедрасы АҚШ және Франция жоғары оқу орындарымен инновациялық құрылыс технологиялары және инновациялық құрылыс материалдары бағыты бойынша;

«Сәулет және дизайн» кафедрасы арнайы оқу және оқу-әдістемелік әдебиетін бөлісу жайлы Жалпыресейлік ғылыми-зерттеу техникалық эстетика институтымен (Ресей), Томск мемлекеттік сәулет-құрылыс университетімен (Ресей), Мәскеу мемлекеттік технологиялар мен басқару университетінің Мелеуз қаласындағы Дизайн кафедрасының филиалымен жұмыс жасайды.

Халықаралық қызметті іске асыру мақсатында Сәулет-құрылыс факультетінің кафедралары келесі шетел ғалымдарын шақырды:

«Құрылыс материалдары және технология» кафедрасы бойынша «Түрлендірілген бетон технологиясында қазіргі заманғы үрдістерінің ғылыми-техникалық талдауы» атты лекцияны оқуға ММҚУ профессоры, техникалық ғылымдардың докторы Ткач Е.В. шақырылды. Кафедрасы бойынша 4 ғылыми семинар өткізу мақсатында: В.Г. Шухов атындағы Белгород мемлекеттік технологиялық университеттің инновациялық қызметі мен технологияларды трансферттеу проректоры, т.ғ.д., академик Абсемитов В.Э. (Ресей), Орлов техникалық уиверситеттің профессоры, т.ғ.д. Ешуткин Д.Н. (Ресей); Вильнюс техникалық университеттің профессоры, сәулетші Альгис Вишнюнас (Литва) және Орынбор мемлекеттік университеттің жылу-газ жабдықтау, желдету және гидромеханика кафедрасының доценті, т.ғ.к. Легких Б.М. (Ресей) шақырылды.

«Механика» кафедрасы бойынша толқын теориясы және импульс жүйесінің есебі атты лекцияларды өткізу үшін Орлов техникалық университетінің профессоры, техникалық ғылымдар докторы Ешуткин Д.Н. (Ресей) шақырылды.


 

 

Без рубрики