Хабарландыру Иманов Е.К. диссертациялық жұмысын қорғау туралы


«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ-да 6D073000 – «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Иманов Едил Куттыбаевичтың «Техногенді қалдық негізіндегі жеңіл бетон өндірісінің энергиятиімді технологиясын дайындау» тақырыбындағы диссертациясының қорғауы өтеді.

Диссертация «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер:

  1. Киргизбаев Акпан Турабаевич – техника ғылымдарының кандидаты, «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс технологиясы» кафедрасының аға оқытушысы (Астана қ., Қазақстан).
  2. Қаршыға Ғалымжан Орынбасарұлы – техника ғылымдарының кандидаты, «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» КеАҚ, «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент) (Қызылорда қ., Қазақстан).

Ғылыми кеңесшілер:

  1. Байджанов Джумагельды Омарович – техника ғылымдарының докторы, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
  2. Кропачев Петр Александрович — техника ғылымдарының кандидаты, «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ, «Құрылыс материалдары және технологиялары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Қарағанды қ., Қазақстан).
  3. Славчева Галина Станиславовна — техника ғылымдарының докторы, «Воронеж мемлекеттік техникалық университеті» ЖОО ФМБ «Құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары технологиясы» кафедрасының профессоры, (Воронеж қ., Ресей).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:

  1. Ujma Adam (Уйма Адам) – философия докторы (PhD), «Қолданбалы ғылымдар университеті», техникалық ғылымдар факультетінің қауымдастырылған профессоры (Ниса қ., Польша).
  2. Бердіқұл Назерке Иманәліқызы – философия докторы (PhD), «Қ.И. Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ, «Инженерлік жүйелер және желілер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Алматы қ., Қазақстан).
  3. Казкеев Алижан Бауржанулы – философия докторы (PhD), «Solid Research Group» ЖШС кіші ғылыми қызметкері, (Астана қ., Қазақстан).

Қорғау 2026 жылдың 13 наурызы, сағат 10:00, Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 521 кабинетте «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеаҚ мекенжай бойынша өткізіледі.

Диссертациялық кеңес мекенжайы: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 56/1, 1 корпус, 218 аудитория.

Конференцияға сілтеме:

https://us05web.zoom.us/j/4240236743?pwd=N1cvaFpUaEhNRG9PU091ajlGUnZJZz09

Конференция идентификаторы: 424 023 67 43

Кіру коды: 1953

e-mail: g.rakhimova@ktu.edu.kz

Без рубрики