Әлімхан Әбеуұлы Ермековтің 130 жылдығына арналған математикадан республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы


2021 жылдың 7 сәуірінде Қарағанды техникалық университетінің базасында «Жоғары математика» кафедрасы ҚР жоғары оқу орындарының студенттері арасында көрнекті қоғам қайраткері, ғалым, математика профессоры Әлімхан Әбеуұлы Ермековтың 130 жылдығына арналған Математика пәні бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың 1 (іріктеу) туры өткізіледі.

 Олимпиаданың мақсаты: студенттердің шығармашылық қабілеттерін және ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын анықтау және дамыту; неғұрлым талантты және дарынды студенттерді қолдау үшін жағдай жасау; жастар арасында ғылыми білімді тарату және танымал ету болып табылады.

Олимпиаданың іріктеу туры 14:00-17:00 аралығында Moodle платформасында online-тестілеу форматында өткізіледі. Тест тапсыруға бөлінетін уақыт — 2 сағат. Тіркелу нәтижелері бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 188 студенті қатысады.

Іріктеу турының қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған студенттер олимпиаданың негізгі турына қатысу үшін 11.04.2021-ден 13.04.2021 дейін шақыру хаттарын алады.

Олимпиаданың негізгі туры 2021 жылдың 14 сәуірінде өткізіледі.

Без рубрики