Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитеті Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:
- Су ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін ұтымды пайдалану, экология;
- Геология, минералды және көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, жаңа материалдар, технология, қауіпсіз бұйымдар мен конструкциялар;
- Энергетика және машина жасау;
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеулер;
- Агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімінің қауіпсіздігі;
- Өмір және денсаулық туралы ғылым;
- Ақпараттық, коммуникациялық және ғарыштық технологиялар;
- Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер;
- Білім және ғылым саласындағы зерттеулер;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс және мамандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2022-2024 жылдарға арналған гранттық қаржыландыруға конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды.
Конкурстық құжаттама және өтінімді рәсімдеу жөнінде түсіндіру жұмысын жүзеге асыруға қатысты сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-24-68, 74-20-29 қаржылық сұрақтар бойынша тел. 8 (7172) 74-16-53, заңға қатысты сұрақтар бойынша, тел. 8 (7172) 74-24-67. Call center – 1450.
Өтінімдерді қабылдаудың басталуы – 2022 жылғы 9 наурыз айынан — 2022 жылғы 8 сәуір (қоса алғанда) айына дейін.
Қосымша ақпарат алу үшін: dn-kstu@mail.ru, бас корпус, 226 кабинет, тел. 56-68-22, ішкі 22-26.
https://www.gov.kz/memleket/entities/sc/press/news/details/336036?lang=kk