Print Shop фирмасының директоры қатысуымен арнайы сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы «Өз ісіңді қалай құруға болатындығына» арналды


«Кәсіпкерлік негіздері»курсының білім беру бағдарламасының шегінде23 қазан күні Print Shop фирмасының директоры Черемухина Наталья Ивановнаның қатысуымен арнайы сабақ өткізілді. Сабақ тақырыбы «Өз ісіңді қалай құруға болатындығына» арналды.

Сабақ барысында студенттер өз кәсібін қалай бастап, оны жүргізуге арналған құралдармен танысты. Сондай-ақ Наталья Ивановна кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, кедергілерден қалай өту керектігін түсіндірді.

Арнайы лекция ҚарМТУ бас ғимаратында өткізілді. Оған «Құрылыс», «Сәулет», «Дизайн», «Ақпараттық технологиялар», «Есептеу жүйелері» мамандықтарының студенттері қатысты.

 

Без рубрики