Ғабитова Мадина «Үздік студент — 2018» медаліне ие болып


«Бөбек» Жалпыұлттық қозғалысы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен еліміздің барлық ЖОО арасында ғылыми-зерттеу, шығармашылық, спорт, және академиялық қызметтен тыс басқа да салаларды дамытуға белсенді қатысқан студенттерді анықтау және ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік студент — 2018» Республикалық байқауы өткізіледі. Аталған конкурсқа Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде «Серпін» жобасы аясында білім алып жатқан ГИК-17-1 тобының студенті Ғабитова Мадина қатысты.

Ол «Үздік студент — 2018» медаліне ие болып, жеңімпаз атанды және оның есімі «Жас қыран» дарынды студенттердің кітабына енгізілді.

 

«ҮЗДІК СТУДЕНТ — 2018»

 

Без рубрики