Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2025 жылғы 21 қазандағы «Ғылыми дәрежені беру туралы» бұйрығына сәйкес, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі Молдабаев Бауржан Ғылымұлына және «Тау-кен ісі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі Жунусбекова Гаухар Жумашевнаға берілді.
Әрі қарай ғылыми жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз!



