Erasmus+ в бағдарламасы Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-да


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде 2024 жылдың наурыз айында Erasmus+ Teaching Mobility бағдарламасы аясында Белосток техникалық университетінің (Белосток қ., Польша) профессоры – Miatliuk Kanstantsin жұмыс істеді.

Профессор «Өндірістік процестерді автоматтандыру» бітіруші кафедрасының білім алушыларына арналған дәрістер топтамасын оқыды, келісілген бағдарлама бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді, әрі қарай ЖОО-лар арасында ғылым саласындағы ынтымақтастықты дамыту жоспарлануда.

Erasmus + бағдарламасы – қатысушы елдердің университеттері арасында студенттер мен оқытушылар алмасу бойынша Еуропалық одақ құрған стипендиялық бағдарлама. Бағдарламаны Еуропаның 30-дан астам елі қолдайды.

Erasmus+ бағдарламасына қатысатын кез-келген елде кәсіпорында оқуға, сабақ беруге немесе тәжірибеден өтуге мүмкіндік береді.

Без рубрики