Enactus Әлем кубогы – әлемнің түкпір-түкпірінен келген бірнеше мың студенттер үшін жылдың ең маңызды оқиғасы.


Студенттік кәсіпкерлікті дамыту жастарды әлеуметтік-экономикалық өмірге белсенді тартуға мүмкіндік береді және шағын және орта бизнеске жол ашады. Бұл модель бүкіл әлемде сәтті қолданылып келеді: 40 жылдан астам уақыт бойы студенттер кәсіпкерлік дағдыларын дамытып, табысты бизнес-көшбасшыларға айналды. ENACTUS өкілдіктері 33 елде, соның ішінде Қазақстанда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта ENACTUS-тың 70 000-нан астам белсенді студенттері бар.

Биыл алғаш рет ENACTUS WORLD CUP Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстан астанасы- Астана қаласында 1-4 қазан аралығында өтуде. Айтулы додаға әлемнің түпкір-түпкірінен 30-дан астам мемлекет бақ сынауда.
Кіл мықтылар жиналған сайысқа қатысуға Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Басқарма-Төрайымы Ректоры- Сагинтаева Сауле Саветовна мен Инновациялық технологиялар колледжінің директоры Смагулова Нурбиби Абсадыковнаның қолдауымен “Change makers” командасының студенттері: КСИБ-9/22-2 тобынан Ахметжанов Артур Сергеевич, Распопова Валерия Витальевна, КСИБ-9/23-2 тобынан Шевчук София Евгеньевна, Помыкалов Данил Сергеевич мен экономика пәнінің оқытушысы, команда эдвайзері- Джолдаспаева Саулет Джунсалиевна аттанды.

Жобаның атауы: «Пластмассаны қайта өңдеу және оны құрылыс пен қалалық абаттандыруда қолдану”.

Без рубрики