Ел Президентінің Жолдауы аясында


14 қыркүйекте Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінде ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Жолдауын түсіндіру мақсатымен Жастар саясаты департаментінің директоры Р.Р. Бузяковпен,  кәсіподақ ұйымының төрайымы Н. А. Алпысбаевамен, патриоттық тәрбие жөніндегі жетекші Б. А. Бушмановамен, рухани-адамгершілік тәрбие жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Ж. А. Тусупбековпен, ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы Е.Н.Ивлеваның қатысуымен  оқытушылар мен студенттердің кездесуі өтті.

Кездесу барысында спикерлер қатысушыларды Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі бағыттарымен егжей-тегжейлі таныстырып, Президент Жолдауы елдің одан әрі дамуында маңызды рөл атқаратынын, ал мемлекеттік саясаттың барлық негізгі мәселелер бойынша белгіленген стратегиялық бағыттары жаңа және әділ Қазақстанды құру мақсатына қол жеткізудегі жаңа кезең болатынын атап өтті.

Без рубрики