Экологиялық кейске қатысты


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасы «Новый канал» экологиялық кейсіне қатысты. Ол көрнекті геолог ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.

Іс-шараны Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырды. Оны өткізу аясында Қарағанды мектептерінің оқушыларына арналған конкурс өткізілді.

Қазылар алқасы ретінде «Кеіншітк аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушылары Цой Н.К. және Цешковская Е.А. құттықтау сөзінде оқушыларды су ресурстарын және жалпы экологияны ұтымды пайдалану мәселелерімен таныстырды.

Өз кезегінде оқушылар қызықты презентациялар ұсынды, ұсынылған тақырыптарды талқылауға белсенді қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылар мен қатысушылардың үміттерін толық ақтады.

Соңында кітапхана қызметкерлері жеңімпаздарға марапаттар мен қатысушыларға алғыс хаттар табыс етті.

Без рубрики