«Экология мен табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция


2022 жылдың 21-22 сәуірінде А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының аға оқытушысы Е. А. Цешковскаямен БЖД-18-1 және БЖД-19-3с топтарының студенттері жыл сайын 1999 жылдан бері РУДН экология институтында өткізіліп келе жатқан «Экология мен табиғатты пайдаланудың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАҒЫТТАРЫ төмендегідей болды:

  • Популяциялық экология және қауымдастықтар экологиясы;
  • Топырақ экологиясы;
  • Геоэкология және тұрақты даму;
  • Қолданбалы экология;
  • Экологиялық тұрақты сәулет. Жасыл құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;
  • Адам экологиясы;
  • Экологиялық қауіпсіздік және азық-түлік қауіпсіздігі;
  • Тұрақты даму мақсатында экологиялық тәрбие және білім беру.
Без рубрики