Инженерлік экономика және менеджмент факультеті түлектерінің клубы (1975- 2014)


Құрметті ҚарМТУ инженерлік экономика және менеджмент факультетінің түлектері!
Өткен жылы біздің политех, қазіргі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті 60 жылдығын тойлады. Жыл бойы мерейтойлық іс-шаралар, акциялар, конференциялар өткізілді. Осы іс-шаралардың шеңберінде экономист- политехтіктерді кәсіби қатынас үшін, және де ортақ қызығушылықтар мен әуестіктерінің негізінде қосу мақсатында политехтің инженер- экономист және 1993 ж. құрылған экономика және менеджмент факультеті (ЭМФ) түлектерінің клубы құрылды.
Клуб міндеттері: ЭМФ түлектері туралы ақпараттар банкін құру; корпоративтік іс- шаралар ұйымдастыру- Политех экономистінің күні; түлектердің бейресми кездесуі; түлектер өз жетістіктері, жеңістері туралы айта алатын «Жетістік тарихы» жобасының шеңберіндегі кездесулер; тақырыбтық конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізу; консультациялық, материалдық қолдау мәселелері, оқу үдерісінің, ғылыми- техникалық шығармашылықтың инновациялық дамуының өзекті мәселелерін шешу және студент жастарды тәрбиелеу үшін түлектер мен ЭМФ кафедраларының бірігіп жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар жасау. Қазіргі кезде факультет инженерлік экономика және менеджмент факультетіне ауыстырылған (ИЭМФ).
Келер жыл айрықша мерекемен басталады- 2015 ж. атақты ғалым, жоғарғы мектеп ұйымдастырушысы, Социолистік Еңбек Ері, ҚазССР мемлекеттік сыйлығының 2 дүркін иегері, ҚР ҰҒА академигі Сағынов Әбілқас Сағынұлының 100 жылдық мерейтойы.
Сағыноа А.С. 33 жыл бойы, 1955 – 1987 ж.ж. аралығында ҚарМТУ-дың (ҚарПТИ) қалыптасуы мен дамуына баға жетпес үлес қосты. А.С.Сағыновтың басшылығы кезінде сол кездегі заманға сай оқу және ғылыми зертханалары құрылды. Дегенмен, Қазақстанның индустриалды- инновациялық дамуы мен жаңа технологиялық тәртіпке көшуі жағдайында Университет өздігінен материалды- технологиялық базаны дамытып, бәсекеге қабілетті мамандар дайындауға мүмкіндік беретін әлемдік деңгейдегі құрал жабдықтар ала алмайды.
2013 -2014 ж.ж. Университет 85 млн тенгеге оқу және ғылыми құрал жабдықтар алды; ары қарай зертханалық базаны жаңартуға 217,5 млн теңгеге өтініш жасалды, алайда бұл тек демеушілік көмекпен жүзеге асады.
Осыған орай политех түлектерін альма- матердің ары қарай дамуына үлес қосуға, мерейтойлық жылдың іс- шараларына қатысуға шақырамыз!
ҚарМТУ-дың бас ғимаратында университетке демеушілік көмек көрсеткен кәсіпорын, фирма, компания мен ұйымдар басшыларының және жеке адамдар көрсетілген гранит мемориалдық қабырға қойылады.
Байланыс мәліметтері:
телефон: +7 (7212) 56-52-40; 8-701-736-64-55

e-mail: club_kstu@mail.ru

 

1970 1971
1973 1974
1975 1993
1976 1995
1977 1995
1978 1996
1979 1997
1980 1998
1981 1999
1982 2000
1983 2001
1984 2002
1985 2003
1986 2004
1987 2005
1988 2006
1989 2007-2014
1990  2015-2017
1991
1992
Без рубрики