«Еңбек қауіпсіздігі мен гигиенасына заманауи көзқарастардағы әйелдердің рөлі: жасанды интеллект және жұмыс орындарын цифрландыру»


ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы ұйымдастырып, 28 сәуірде Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ базасында өткен дөңгелек үстел осы тақырыпқа арналды. Ол Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күнін мерекелеумен орайластырылды.

Дөңгелек үстелге Қарағанды облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдарының, еңбек инспекциясының өкілдері, еңбекті қорғау саласындағы сарапшылар, әйелдер істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссиялардың әйел-көшбасшылары, студент жастар қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға ҚР Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Татьяна Шатохина құттықтау сөз сөйлеп, биылғы жылдың Мемлекет басшысының жұмысшы мамандықтары жылы деп жарияланғанымен маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, биылғы жыл Қазақстанда кәсіподақтардың құрылуының 120 жылдық мерейтойы өтетін жыл. Еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының бірінде дөңгелек үстел өткізу алаңы таңдалған Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ, Қарағанды өңірі мен елі үшін техникалық кадрлардың ұстасы болғандығына және болып қала беретініне байланысты. Өйткені бұл ЖОО-ы цифрлық технологиялармен байланысты инновациялық жобаларды табысты ілгерілетеді және іске асыра береді.

Татьяна Николаевна қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлін, олардың өмірдің барлық салаларына, соның ішінде осы дөңгелек үстел тақырыбына арналған осындай маңызды мәселелерге белсенді қатысуын атап өтіп, қатысушыларды бірлескен жұмыс үшін нақты ұсыныстар жасауға мүмкіндік беретін іскерлік және сындарлы әңгімеге бағыттады.

Цифрландыру  сын-тегеуріндерге төтеп беруі қажет. Дөңгелек үстелге қатысушылардың назарын Тechnowomen коммерциялық емес ұйымының басқарма төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Азиза Шужеева аударды.

Көтерген мәселені талқылауға «Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Алмакүл Усерова; ҚР Кәсіподақтар федерациясы заң клиникасының Қарағанды филиалының басшысы, «Zolotaya seredina-SM» ҚБ президенті Света Шардарбекова; облыс әкімінің гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі,  әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия  төрағасының орынбасары Айжан Қиясова; Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының доценті Лидия Балабас; Қарағанды облысының іскер әйелдер қауымдастығының төрағасы, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшесі Наталья Арыстанова; «Е-pto Brilliant» ЖШС басшысы, Қарағанды облысының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Ирина Корытина… және басқалары белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды.

Айтылған сөздерден көрініп тұрғандай, адамзаттың әсем жаратылған екінші жартысының өкілдері цифрлық технологиялар көтеретін сын-қатерлер туралы жеткілікті біліп қана қоймай, оларды іс жүзінде сәтті қолдана да біледі. Егер кейбіреулерде іс тек жекелеген қосымшаларды қолданумен ғана шектеледі, ал Наталья Арыстанова болса, жасанды интеллектіні өз бизнесінде – тігін өндірісінде модельдер құруда, жұмыс уақытының кестесін реттеуде сәтті қолданады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді енгізуді ескере отырып, әйелдердің еңбекті қорғаудың заманауи тәсілдерін дамытудағы рөлін, гендерлік күн тәртібін, еңбекшілерді медиативтік және құқықтық қолдау мәселелерін, цифрландырудың еңбек пен еңбек мәдениетіне әсерін және басқа да маңызды мәселелерді білгірлікпен талқылады.

Соңында, әлеуметтік әріптестік шеңберінде бірлескен жұмыста ескерілетін ұсынымдар алқалы түрде қабылданды.

Без рубрики