Докторлық диссертация қорғау туралы Сұлтанғазиев Руслан Бауыржанұлы


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 6D070900 – «Металлургия» мамандығы бойынша Сұлтанғазиев Руслан Бауыржанұлы «Жоғары беріктікті бекіткіштерді дайындау үшін борқұрамды болаттарды балқыту технологиясын жасау және зерттеу» тақырыбында PhD философия докторлық дәрежесін алу үшін докторлық диссертацияны қорғайды.

Қорғау орыс тілінде өтеді.

Жұмыс Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасында және Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасында орындалған.

Ғылыми кеңесшілер:

Исағұлов Аристотель Зейноллаұлы – техника ғылымдарының докторы, профессор, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің бірінші проректоры;

Ақбердин Александр Абдуллович – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ж.Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының «Бор» зертханасының меңгерушісі;

Жерар Мишо – Ph.D. докторы, Лотарингия университетінің материалдардың механика және микроқұрылымды зерттеу лабораториясының профессоры, Франция, Нанси қ.

Пікір берушілер:

Қалиақпаров Алтай Гиндуллинович – техника ғылымдарының докторы, ЖШС «ERG ғылыми-зерттеу инжинирингтік орталығы» қарайтын «Металлургия және энергетика» зертханасының меңгерушісі (мамандығы 05.16.02 — Қара, түсті және сирек металдардың металлургиясы);

Мусин Дінислям Кариевич – техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті, «Металлургия және машинажасау» факультетінің міндетін атқарушы деканы  (мамандығы 05.16.02 – Қара металдардың металлургиясы).

Қорғау болады: 2017 жылдың 30 қарашада сағат 14:00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің диссертациялық кеңесінде «Металлургия» мамандығы бойынша келесі мекен-жайда: 100027, Қарағанды қаласы, Бейбітшілік даңғылы, 56, бас корпус, «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасы, 308 ауд.

Сайттың мекен-жайы: http://www.kstu.kz, e-mail: sulrus83@mail.ru

Андапта

Диссертация

Шетелдік ғылыми кеңесші пiкipi

Ғылыми кеңесші пiкipi

Ғылыми кеңесші пiкipi

Ғылыми еңбектерінің тізімі

Калиакпарова А.Г. пiкipi

Мусина Д.К. пiкipi

 

 

Без рубрики