Жолмағамбетов Нұрбек Рыспекұлы, т.ғ.к., профессор
Білімі:
1990-1995 жж. – Қарағанды политехникалық институты, мамандығы «Жүк көтеру, транспорт-құрылыс, жол машиналары және жабдықтары»;
2007 ж. – 05.26.03 «Өрт және өндірістік қауіпсіздік» мамандығы бойынша техника ғылымдары кандидаты;
2011 ж. – 05.26.00 «Адам қызметінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша доцент ғылыми атағын алды;
2024 ж. – 10400 «Жер және қоршаған орта ғылымдары» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағын алды.
Еңбек қызметі:
1995-1997 жж. – Қарағанды облысы Нұра ауданының өндірістік-жол басқармасында механигі;
1997-2000 жж. – Нұра совхозының асфальт-бетон зауытында механигі;
2000-2015 жж. – «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының зертхана меңгерушісі, инженер, ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент;
2015 ж. — 2024 ж. 6 қарашаға дейін – «Кеніштік аэрология және еңбекті қорғау» кафедрасының меңгерушісі;
2024 ж. 7 қарашадан бастап – «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» Тау-кен факультетінің деканы.
Марапаттар:
2016 ж. – «Университеттің үздік оқытушысы» атағына ие болды;
2023 ж. – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Құрметті қызметкер» кеуделік белгісімен марапатталды;
2024 ж. – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінен «Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Негізгі ғылыми қызығушылықтары: еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, тіршілік қауіпсіздігі.
Негізгі басылымдары:
Жолмағамбетов Н.Р. Сумен қамтамасыз ету жүйелері. Оқу құралы. — Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2009. — 77 б.
Жолмағамбетов Н.Р. Аспирациялық жүйелердің тиімділігін жоғарылату әдістері. Монография. — Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2019. — 116 б.
Аманжол І.А., Шарипов Н.Х., Жолмағамбетов Н.Р. Өндірістік санитария. Оқулық. — Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2015. — 232 б.
Макашев Б.К., Медеубаев Н.А., Жолмагамбетов Н.Р. Воздухозаборник для вентиляции кабины транспортного средства / Патент РК № 5440. — 2020.
Достаева А.М., Жолмағамбетов Н.Р. Металлургиядағы өндірістік қауіпсіздік ережелері. Оқулық. — Қарағанды: Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті баспасы, 2022.
Жолмағамбетов Н., Медеубаев Н., Жолмағамбетов С., Достаева А., Омирбай Р., Саттарова Г., Сулейменов Н. Reducing industrial noise by the use of damping alloys when manufacturing mining equipment parts / «Heliyon». — 2023.
Жолмагамбетов Н., Халикова Э., Демин В., Абдрашев Р., Суинтаева С., Ensuring a safe geomechanical state of the rock mass surrounding the mine workings in the Karaganda coal basin, Kazakhstan / «Mining of Mineral Deposits». — 2023.
Аманжол И., Жолмагамбетов Н., Абитаев Д., Кушербаев С., Мереке А. Аssessment and analysis of occupational risks in underground mining of polymetallic ores / «International Journal of GEOMATE». — 2023.