«Қазақстан этностары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлестері» дөңгелек үстелінің диалогтық алаңы


24-25.10.2019 ж. уақыт аралығында каф.меңгерушісі Ә.С.Сагатова Петропавл қаласында «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті ұйымдастырған «Қазақстан этностары: халықтың тарихи-мәдени мұрасына қосқан үлестері» атты дөңгелек үстелдің сұхбат алаңына және Г.Бельгердтің 85 жылдығына арналған «Г.Бельгер: шығармашылық пен өмірдің шегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптама тобы мүшесі ретінде қатысты. Іс-шара мақсаты — Қазақстандық этникалық топтардың Қазақстан халқының жалпы тарихи және мәдени мұрасына қосқан үлесін зерттеуде олардың өмірі мен қызметі туралы электрондық деректер түрінде ұсынылған Қазақстанның ғылыми тарихи қоғамдастығының қатысуымен жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау.

Контингент: Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігіні «Рухани жаңғыру» ҚҚДИ» КЕАҚ өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының жетекші ғалымдары (Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, ҚР Тарих институты) және ЖОО (Л.Гумилев ат. ЕҰУ, Ш.Уәлиханов ат. КМУ, А.Мырзахметов ат. КУ, ҚМУ, ҚМТУ, Ө. Сұлтанғазин ат. ҚМПУ, А.Байтұрсынов ат. ҚМУ, М.Қозыбаев ат. СҚМУ) мұрағатшылар (ҚР Президентінің мұрағаты, Қарағанды облысының мемлекеттік мұрағаты, Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағаты), өлкетанушылар, мұражай қызметкерлері, аймақтық ассамблеялардың мүшелері, ҰАТ өкілдері, қоғамдық-этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері, Нұр-Сұлтан қ., Қарағанды, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары «Қоғамдық келісім» аймақтық мекемелерінің мамандары, БАҚ өкілдері.

Күтілетін нәтижелер: көрнекті отандастардың өмірі мен шығармашылығын және олардың Қазақстанның дамуына қосқан үлесін электронды деректер базасын, бірқатар іс-шаралар мен бұқаралық ақпарат құралдарында және Интернетте жариялау арқылы насихаттау.

 

 

Без рубрики