Дәнекерлеу саласы бойынша халықаралық біліктілік курстарына құжат қабылдау басталды


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жанындағы Қазақстандық дәнекерлеу институты 2026 жылға арналған International Institute of Welding (IIW) халықаралық бағдарламалары бойынша келесі біліктіліктерге тыңдаушылар қабылдайтынын хабарлайды:

  • IWE – Дәнекерлеу бойынша халықаралық инженер
  • IWT – Дәнекерлеу бойынша халықаралық технолог
  • IWS – Дәнекерлеу бойынша халықаралық маман

Курсты сәтті аяқтаған түлектерге IIW халықаралық дипломы табысталады. Диплом әлемнің 50 елінде ресми түрде танылады.

Оқу мерзімі:

Көктемгі семестр (1–2 модуль): 01.04–16.05.2026 ж.

Күзгі семестр (3–4 модуль): 05.10–20.11.2026 ж.

Қабылдау талаптары:

IWE курсы

Инженерлік жоғары білім (дәнекерлеу, металлургия, машина жасау, құрылыс салалары бойынша) және соңғы жылдары инженерлік лауазымда кемінде 3 жыл еңбек өтілі.

IWT курсы

Техникалық білім (колледж/техникум немесе жоғары техникалық білім) және технолог лауазымында кемінде 3 жыл еңбек өтілі.

IWS курсы

Арнаулы орта техникалық білім және дәнекерлеу немесе металдарды өңдеу саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.

Қажетті құжаттар:

  1. Толтырылған және қол қойылған өтініш нысаны (KWAC/FD 009)
  2. Түйіндеме
  3. Жеке куәлік көшірмесі
  4. Диплом көшірмесі
  5. Диплом қосымшасының көшірмесі
  6. Жұмыс орнынан анықтама (еңбек кітапшасының көшірмесі)
  7. Қол қойылған KWB/FD 001 нысаны

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

2026 жылғы 27 наурызға дейін.

Құжаттар электрондық форматта төмендегі электрондық пошталарға жолдануы тиіс:

info@kazweld.kz

igor_svar@mail.ru

Байланыс ақпараты:

Телефон: +7 701 341 31 34

100012, Қарағанды қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 56, ҚарТУ, Дәнекерлеу институты

Без рубрики