Coimbra Group шәкіртақы бағдарламасы


Еуропалық көршілестік жас ғалымдарына  арналған Coimbra Group шәкіртақы бағдарламасы

Coimbra Group университеттері Еуропалық көршілес елдердің жоғары оқу орындарының жас ғалымдарына қысқа мерзімді сапарлар ұсынады. Аталмыш шәкіртақы бағдарламасының негізгі мақсаты жастарға өздері қатысатын зерттеу жұмысын өз университеттерінде жүргізіп, екі жақты академиялық және ғылыми байланыс орнатуға мүмкіндік беру.

Бағдарлама жас ғалымдарға арналған (35 жасқа дейінгі). Үміткерлер Қазақстан азаматы және ЖОО қызметкері болуы тиіс. Сонымен қатар, олар докторлықты аятаған немесе кей мекемелер докторанттарға да мұндай мүмкіндік береді.

Өтініш берудің соңғы мерзімі: 2015 ж. 31 наурыз.

Өтініш берудің онлайн үлгісі мұнда: www.coimbra-group.eu/activities/scholarships

Қосымша ақпарат алу үшін Quici (quici@coimbra-group.eu) Аннаға және Халықаралық байланыс бөліміне (бас ғимарат, 309а б.) хабарласыңыз

Без рубрики