«Clever» отбасылық даму орталығы


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің студенті Эмиль Хасяновтың «Clever» отбасылық даму орталығы» әлеуметтік жобасы  «Zhas Project» бағдарламасын іске асыру аясында шағын гранттар байқауында жеңіске жетті.

Жобаның басты мақсаты Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды сауықтыру және дамыту, кәсіптік дағдыларды игеру, балалар мен олардың ата-аналарының мүдделерін өзара байыту арқылы отбасылық-демалыс құзыреттілігін арттыру болып табылады. Отбасылық Орталық 5 жастан асқан адамдарға, соның ішінде зейнеткерлік жастағы азаматтарға арналған.

Жобаның өзектілігі мен бірегейлігін атап өткен жөн, өйткені бүгінде Қазақстанда кез келген жастағы тұрғындар үшін сауықтыру мен бос уақытты қамтитын қосымша білім берудің осы кешенді орталығына баламасы жоқ.

Негізгі бағыттардың бірі:

  1. «Біз дұрыс айтамыз» үйірмесі
  2. «Сурет Салу» үйірмесі
  3. «Кескіндеме» үйірмесі
  4. «Графика» үйірмесі
  5. «Мүсін» үйірмесі
  6. «Тоқу» үйірмесі
  7. «Графикалық дизайн» үйірмесі
  8. «Сызу негіздері» үйірмесі
  9. «Отбасылық фитнес» секциясы

Орталығы Әлиханов көшесі, 14б, 201 кабинетте орналасқан.

Қазіргі уақытта әлеуметтік жоба барлық ниет білдірушілер үшін тегін. Орталық туралы қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 700 977 30 15 немесе Instagram: clever.krg.

Без рубрики