ҚарМТУ ЭБТ ҒЗИ «ҚарМТУ Клиент» мобильді қосымшасын ұсынады. «ҚарМТУ Клиент» — сүйікті Университеттің сервистеріне жедел кіру мүмкіндігі.
Бейджин технология университеті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің студенттеріне магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін 5 шәкіртақы, сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттерге 5 орын ұсынады. Білім беру ағылшын немесе қытай тілдерінде өтеді.
Табысты студенттер 20- 24 сәуір аралығында елмен танысу, семинарларға қатысу, білім беру саласындағы өз тәжірибелерімен бөлісу мақсатында Испанияға, IE университетінің кампусында 4 күн өткіщзуге шақырылады. Әуе билеттері, саяхат, тамақ және тұрғын орынды IE университеті төлейді.
«Ньютон- Әл-Фараби» Қазақстан- Британ серіктестік бағдарламасының шеңберінде Қазақстанның ЖОО және ғылыми орталықтарында кәсібі даму мен ынтымақтастық орталықтарын ашу жоспарланып жатқанын хабарлаймыз. Ғылыми қоғамның кәсіби қажеттіліктерін анықтау мақсатында біз жоғарыда айтылған орталықтарда болашақта тренинг, семинарлар және басқа да іс- шаралар өткізетін Әрі қарай оқу …
2014 ж. 19 желтоқсан ДМТУ қызмет көрсету және кәсіпкерлік институтының (филиалы) «Үлгілеу, құрастыру және дизайн» кафедрасы конференция материалдарының жинағы шығарылатын «Ғылымды қажет ететін технологиялар адам экологисына қызметте» атты II Халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференциясы өткізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2015 ж. 18 наурызда өтетін, Ғылым күніне арналған «Интеллектуалдық жетекшілік: болашаққа көз тігу» атты жыл сайынғы жас ғалымдарға арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференцияға қатысуға шақырады. Конференция мақсаты өзекті мәселелерді талқылау,жас ғалымдардың шығармашылық белсенділігі Әрі қарай оқу …
«Ғылым, білім, өндіріс және көліктегі болашағы бар жаңашылдықтар-2014» атты Ғылыми-тәжірибелік интернет- конференция 2014 ж. 17- 26 желтоқсан аралығында www.sworld.com.ua. сайтында өтеді. Конференция секциялары: Көлік Экономика Техника ғылымдары
ҚР Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында жаратылыстану, техника, әлеуметтік- гуманитарлық және экономика ғылымдары бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық жарысын жариялайды.
24.11.2014 ж. — 15.12.2014 ж. Аралығында ақпараттық технологиялар факультетіне IT мамандықтарының студенттеріне дәріс оқу және семинарлар өткізу мақсатында шетелдік ғалымдар келді. Іс-шаралар АЖ және ҚЖ кафедраларында өтеді.
Инновациялық зерттеулер халықаралық орталығы халықаралық сырттай ғылыми- тәжірибелік конференцияларға қатысуға шақырады. Конференция материалдары мақалалар жинағы ретінде басылымға шығады. Жинақтарға сәйкес кітапханалық ӘОЖ, КБЖ идекстері және халықаралық стандарттық кітап нөмірі тағайындалады (ISBN). Барлық қатысушыларға конференцияға қатысқандығын растайтын жеке куәлік беріледі.