Ғылым және жоғары білім министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын бағалауда. ҰКП университеттерді 19 критерий бойынша бағалайды, олардың негізгілері: жұмыспен қамту деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламасының аккредитациясы, оқытушылардың сапасы, бағдарламалардың өзектілігі. ✍2023 жылғы «Атамекен» АЭС рейтингінің қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының 3 білім беру бағдарламасы үздік нәтиже көрсетті: 1 орын – ББ «Пайдалы қазбаларды байыту»; 2 орын — ББ «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»; 4 орын – ББ «Биотехнология». Барлық ұжымға алдағы уақытта да табыс тілеймін!