Жалпы жиналған ақша 60.000 тг. құрады. Барлық жиналған қаражат ұйқы безінің қатерлі ісігі диагнозына шалдыққан Кристина Старицынаның емделуіне жіберілді.
Без рубрики @kz
26 қарашада «AQNIET» ЖҚҰ белсенділері мен КарТУ-ның барлық факультет студенттері Сәрсен Айкүміс еміне қаражат жинау мақсатында қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырды
Жалпы жиналған қаражат — 143.042 тг. құрады, оның барлығы Айкүміс ата-анасына берілді.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Волонтерлер штабы инновациялық технологиялар факультетімен бірлесіп, болашақта қаламыздың көшелерінде орын алатын астауларды дайындады
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы аясында Волонтерлер штабы Машина жасау факультетінің белсенділерімен бірлесіп, қарттар үйіне берілетін бұйымдарды тоқу бойынша мастер-класс ұйымдастырды
21 қараша күні КарТУ «AQNIET» жастар қайырымдылық ұйымының еріктілері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясының аясында энергетика, автоматика және телекоммуникация факультетінің студенттерімен бірге өмірлік қиын жағдайға тап болған, аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жиынтықтарын тарату жұмысы ұйымдастырылды
2021 жылдың 17 қарашасында Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды өңірінде танымал кәсіби жүргізуші, халықаралық конкурстардың жеңімпазы Марат Мейрамұлы Оспанов студенттермен кездесті
Кездесу барысында короновируспен ауырған және дәрігерлеріміздің күш-жігерінің арқасында емделіп шыққан, өзі бұрын «антиваксер» атанған Марат Мейрамұлы аурудың өту барысын және жақындары мен туыстарының өмірі үшін болған уайымымен бөлісті.. Студенттер Марат Оспановтың тарихын үлкен қызығушылықпен тыңдап, белсенді сұрақтар қойып отырды. Кездесу Әрі қарай оқу …
«30 игі іс»
2021 жылдың 17 қарашасында КарТУ «AQNIET» ЖҚҰ жастар қайырымдылық ұйымының еріктілері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясының аясында Машина жасау факультетінің белсенді студенттерімен бірге мұқтаж отбасылары мен «Асем» және «Таншолпан» балалар үйінің бүлдіршіндеріне ойыншықтар сыйлады.
«Жақыныңа көмектес» акциясы
2021 жылдың 16 қарашасында КарТУ «AQNIET»ЖҚҰ еріктілері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс»акциясының аясында ИТФ, ЖКФ және ЭАТФ-нің белсенділерімен бірге мұқтаж отбасыларға азық түлікпен көмек ұйымдастырды. Сапар барысында, еріктілер керекті азық түліктерді табыстап, отабсы мүшелерін қуанттты.
2021 жылдың 16 қарашасында ҚарТУ «AQNIET» ЖҚҰ еріктілері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясының аясында ЭАТФ-нің белсенділерімен бірге «Благодать» қарттар үйіне сапар ұйымдастырды
Сапар барысында, еріктілер концерттік бағдарламаны орындап, қарттар үйінің тұрғындарын қуантты.
2021 жылдың 16 қарашасында Қарағанды техникалық университетінде Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті өкілдерінің қаржы пирамидаларға қатысты студенттермен кездесуі өтті
Мамандар қаржы пирамидалардың заңға қайшы қызметі және адамдарды осы ұйымдарға тартудағы алаяқтық тәсілдері туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, студенттерге қаржы пирамидалар құрбанына айналмау жолдарын айтып, бірқатар қажетті кеңестер ұсынды.