БЖТ кафедрасының студенттері Республикалық пәндік олимпиаданың жүлдегерлері атанды


Біздің студенттерді Республикалық пәндік олимпиадада жүлделі 2 орын алуымен құттықтаймыз!!! «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КЕАҚ базасында 2024 жылдың 15 сәуірі мен 17 сәуірі аралығында «6В062 – Телекоммуникация» дайындық бағыты бойынша студенттердің XVI Республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді, оған БЖТ кафедрасының РЭТ-21-1 және РЭТ-21-2 топтарының студенттері Әшімова Айым мен Бакиров Эльдар қатысты. Олимпиада үш пән бойынша өтті: «Электрлік байланыс теориясы», «Сандық құрылғылар және микропроцессорлық технология», «Электр тізбектерінің теориясы», онда студенттер үш сағат ішінде екі есеп шығаруы керек болды. Олимпиадаға еліміздің әр университетінен телекоммуникация саласы бойынша білім алып жүрген 16 командадан барлығы 38 студент қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша студенттеріміз ТОП-8 үздік студенттер қатарына еніп, РЭТ-21-1 тобының студенті Әшімова Айым 2 орынға ие болды. Студенттерімізді осындай жоғары көрсеткіштерімен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!

Без рубрики