БЖТ кафедрасында Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті


2023 жылдың 19 желтоқсанында БЖТ кафедрасы Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжінің студенттерімен (Қарағанды ​​облысы, Ақтоғай ауданы) кәсіптік бағдар беру кездесуін өткізді. Кездесуге 12 студент қатысты.

Студенттерге оқу форматы, қабылдау шарттары, оқу бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы түсіндірілді. Сондай-ақ, Ә.Сағынов атындағы ҚарТУ және БЖТ кафедрасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Студенттерге университеттің білім беру бағдарламалары туралы буклеттер мен ақпараттық парақшалар таратылды. Кездесу барысында менеджер мен әлеуетті үміткерлердің арасында байланыс ақпараты алмасылды.

Без рубрики