Болашақ машина жасаушылар өндірістегі жұмысқа кірісуге дайын


2022 жылдың 4 шілдесінде машина жасау факультетінің түлектеріне бакалавр дипломдары салтанатты түрде табыс етілді. Барлық 190 жас маман өндірісте жұмыс істеуге немесе магистратурада білімін жалғастыруға дайын.

Академиялық жұмыс жөніндегі Проректор – Басқарма мүшесі А.М. Темербаева түлектерге Басқарма төрағасы – Ректор, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ибатов М.К. құттықтау сөздерін және жылы лебіздерін жеткізді.

Үздіктерге қызыл дипломдар табыстай отырып, Темербаева А.М. түлектерге берілген бакалавр дәрежесі кәсіби өсу жолындағы алғашқы қадам ғана екенін атап өтті және жастарды өз білімдерін одан әрі жетілдіруге, қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмауға шақырды. Біздің еліміздегі ең жас проректордың аузында бұл үндеу ерекше салмақты.

Факультет деканы п.ғ.к., доцент И.И. Ерахтина және кафедра меңгерушісі, PhD В. В. Юрченко түлектерді құттықтай отырып, Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің жоғары белгіге лайықты кәсіби қызметінде табыс тіледі.

Құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін университет түлектері – «Сантехпром» ЖШС директорының орынбасары С.С. Маркарянц, «Курылысмет» ЖШС №1 өндіріс конструкторлық-технологиялық бөлімінің бастығы С. В. Шляхов білдірді. С.А. Пархоменко, «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК Қарағанды филиалының жетекші маманы А. М. Ильясова, «Алтай Полиметалл» ЖШС механикалық қызмет шебері Г. О. Кошкинбаева, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетінің аға оқытушысы Г. К. Тулеуова және басқаларының видео құттықтаулары жолданды.

Жолдарыңыз болсын, болашақ машина жасаушылар! Сіздерге жетістік пен сәттілік серік болсын!

Без рубрики