Болашақ индустриясы: Жәнібек Байғабелов QarTech қатысушыларымен тәжірибемен бөлісті


23 қазанда QarTech хабы қызметі аясында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті базасында Kazakhmys Smelting компаниясының бас директоры, ҚҚМЗ Maker директорлар кеңесінің төрағасы, «Болашақ» бағдарламасының (Ұлыбритания) түлегі және Қазақстанның Құрметті машина жасаушысы Жәнібек Байғабеловтың қатысуымен эксперттік сессия өтті.

Кездесуді университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Али Мехтиев ашып, өңірлік инновацияларды дамытуда ғылым, білім және өндіріс арасындағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтті.

Спикер басқарушылық тәжірибесімен және машина жасау, металлургия және технологиялық кәсіпкерліктің дамуы туралы ойларымен бөлісіп, өзін-өзі дамыту мен тиімділікті арттыру жөнінде практикалық кеңестер берді. Ашық Q&A-сессия барысында қатысушылар индустрияның келешегі мен көшбасшылық туралы өзекті сұрақтар қойды.

Іс-шараға отандық өнеркәсіптің дамуына мүдделі 50-ден астам қатысушы – студенттер, инженерлер, оқытушылар және стартаперлер қатысты.

Кездесу соңында Жәнібек Алтынбекұлына университет атынан Алғыс хат пен сыйлыққа мерч табысталды.

Без рубрики