«Богатырь көмір» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті


2026 жылғы 12 наурызда сағат 15:00-де бас ғимараттың №350 аудиториясында, сондай-ақ 13 наурызда сағат 15:00-де 2-оқу корпусындағы №227 аудиторияда «Богатырь Көмір» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.

Аталған іс-шара «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау» білім беру бағдарламасының бітіруші курс білім алушыларына компания қызметі, жұмыс істеу артықшылықтары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат беру мақсатында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында компания өкілдері өндірістік қызметтің негізгі бағыттары, кәсіпорындағы әлеуметтік қолдау шаралары, жас мамандарға ұсынылатын мүмкіндіктер және мансаптық өсу перспективалары туралы баяндады. Сонымен қатар студенттер өндірістік тәжірибеден өту, бос жұмыс орындары және іріктеу талаптары бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Іс-шара студенттердің болашақ кәсіби бағытын айқындауына және әлеуетті жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік берді.

Университет пен жұмыс беруші арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады.

Университет атынан спикер: Тусупова Гульзат Алиевна – мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі (бас ғимарат, 204 кабинет).

Без рубрики