6 желтоқсанда Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің базасында QarTech өңірлік инновациялық-индустриялық хабы аясында «Ғылыми идеядан өнімге дейін: басқару, маркетинг және команда» атты эксперттік семинар өтті.
Іс-шараны ашқан Басқарма мүшесі – Цифрландыру жөніндегі проректор Азамат Амиров инновациялық менеджмент саласындағы құзыреттерді дамытудың маңыздылығын атап өтіп қатысушыларға нәтижелі жұмыс тіледі.
Негізгі спикер ретінде Татьяна Хасанова – акселерациялық бағдарламалардың эксперті және трекері (Astana Hub, MOST, Қайта құру және дамудың Еуропалық банкі), Center AI негізін қалаушысы, стратегия, маркетинг және HR жөніндегі маман, 25-жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер сөз сөйледі.
Семинарға кафедра меңгерушілері, жас ғалымдар, сондай-ақ QarTech инкубаторының резиденттері қатысты. Қатысушылар ғылыми идеялардың нарықтық өнімдерге қалай айналатыны және жобалардың сәттілігін қандай басқару, маркетинг және топтық шешімдер анықтайтыны туралы терең және тәжірибеге бағытталған түсініктерге ие болды.
Бағдарлама динамикалық, интерактивті форматта құрылды. Қатысушылар коммерцияландырудың нақты кейстерін талдады, нарықтық жағдайларды модельдеді, тиімді команда құру дағдыларын пысықтады, өнімді позициялауды және нарықтың мақсатты сегменттерін анықтауды үйренді.
Семинарға 25-тен астам қатысушы жиналды, олардың арасында ғылыми-технологиялық жобаларға қызығушылық танытқан Saginov Technical University кафедра меңгерушілері, зерттеушілер, студенттер, сондай-ақ оқушылар бар.
Іс-шара инновациялық мәдениетті жүйелі дамытудағы маңызды қадам болды және қатысушылардың ғылыми әзірлемелерді сұранысқа ие өнімдерге айналдыру саласындағы құзыреттерін күшейтті.
#QarTech #QarTechHub





















