Біздің оқытушылар Erasmus + Staff/Teaching Mobility халықаралық жоба аясында Познань технологиялық университетінде болды


Erasmus + Staff Teaching/Training Mobility халықаралық жобасы аясында мамандарды даярлау саласындағы үздік тәжірибелерді зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің оқытушылар тобы 2022 жылғы 23-31 мамыр аралығында Познань политехникалық университетіне (PUT, Польша) барып қайтты.

Оқытушыларымыз PUT зертханаларымен танысты, ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында кафедралармен, факультеттермен және департаменттермен кездесулер өткізді.

Стратегиялық даму және серіктестік басқармасының басшысы А.Р. Төлеуова тиісті PUT департаментіндегі поляк әріптестерінің жұмысымен танысты.

«Технологиялық жабдықтар, машина жасау және стандарттау» кафедрасының профессоры О.М. Жаркевич және «Тау-кен аэрологиясы және еңбекті қорғау» кафедрасының ассистенті Б.Е. Исаков PUT студенттеріне цифрлық машина жасаудың өзекті мәселелері бойынша дәрістер курсын оқыды.

Без рубрики