«Біз туралы» блок

Кәсіби даму орталығының мақсаты оқытушылар мен білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуды қамтамасыз ету, заманауи білім беру технологияларын енгізу, сондай-ақ профессорлық-оқытушылар құрамының тиімді жұмысын ұйымдастыру арқылы ЖОО бәсекеге қабілетті мамандарын даярлау сапасын арттыру болып табылады.
Кәсіби даму орталығы ЖОО басқа құрылымдық бөлімшелерімен қызметтің мынадай бағыттарын үйлестіру арқылы өзара іс-қимыл жасайды:
— Ғылыми-білім беру және цифрлық технологиялар – ғылыми-педагогикалық зерттеулер жүргізу, инновациялық қызмет, ғылыми және кадрлық әлеуетті арттыру;
— Инженерлік жүйелер және автоматтандыру – заманауи автоматтандырылған жүйелерді енгізу, өнеркәсіптік жабдықтармен жұмыс істеуге үйрету, инженерлік құзыреттерді дамыту;
— Өндірістік технологиялар және жұмысшы мамандықтар – дәстүрлі және сұранысқа ие жұмысшы мамандықтары бойынша білікті кадрларды даярлау, нақты жабдықта практикалық дағдыларды дамыту.
Орталықтың негізгі міндеттері:
— Орталықтың даму стратегиясын анықтау (қызметтің перспективалық бағыттары мен өзекті міндеттері);
— бекітілген бөлімшелердің/орталықтардың қызметін үйлестіру;
— кәсіби дамуды арттыру мақсатында семинарлар, тренингтер, вебинарлар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;
— университет ПОҚ ашық сабақтар мен мастер–класстар өткізу мониторингі;
— оқу қызметінің сапасын басқару процесінің субъектілерін ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
— университетте білім беру және кәсіби мәдениет сапасын арттыру стратегиясын іске асыруға қатысу;
— әрбір емтихан сессиясының қорытындысы бойынша «Таза сессия» сауалнамасын қоса алғанда, пәндерді оқыту сапасын бағалау мақсатында студенттер арасында сауалнама ұйымдастыру және өткізу.