«Бірлік түбі – тірлік»


Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушылары ф.ғ.к., профессоры Әубәкіров Н.М., г.ғ.м., оқытушы Амангельдина М.С. ұйымдастыруымен 23 сәуірде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күнінің мерекесіне арналған «Бірлік түбі – тірлік» атты музыкалық-әдеби кеш, іс-шарасын ZOOM жүйесімен онлайн түрде өткізді.  Іс-шараға топқа бөлініп, тоғыз түрлі ұлттың мәдениетін, өнерін көрсетіп таныстырды, (50 шақты студент қамтылды).

Осы іс-шарамыздың мақсаты: Халықтар арасындағы достықты нығайту, осы мақсатта студенттердің достық қарым-қатынастарын қалыптастыруды  жалғастыру, Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу болып табылады. Іс-шараға ҚарМТУ-дың  Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Алпысбаева Н.А., Қарағанды ​​облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» ҚМБ ғылыми-сараптамалық қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы Дүйсекеева А.А. және Қазақ тілі мен мәдениеті кафедрасының оқытушылары қатысты.

Без рубрики