Білімді сырттай бағалау – әділдіктің кепілі


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің «Энергия жүйелері» кафедрасының оқытушылары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен колледждерінде аттестаттау комиссияларының мүшелері, дипломдық және магистратура жобаларының рецензенттері ретінде тартылады.

Бұл бітіру жұмыстарын бағалау кезінде әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын түлектердің білімін сырттай қорытынды бағалауға тарту біздің ЖОО еліміздің жоғары және орта оқу орындары арасында жоғары беделге ие екендігінің көрсеткіші болып табылады.

Т.ғ.к., доцент Таранов А.В. «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ аттестаттау комиссиясының төрағасы болып табылады. Аға оқытушы Биличенко А.П. — Қарағанды жоғары политехникалық колледжіндегі аттестаттау комиссиясының мүшесі, онда жақында «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша дипломдық жобалар қорғалды.

Т.ғ.к., кафедра меңгерушісінің м.а. Е.Г. Нешина бірнеше жыл бойы «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КЕАҚ және «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ дипломдық және магистрлік жобалардың рецензенті болып табылады.

Сондай-ақ, университеттің басқа факультеттерінің жетекші оқытушылары аттестациялық комиссиялардың жұмысына және дипломдық жобаларды рецензиялауға белсенді қатысады.

Без рубрики