Bilim –Central Asia


Bilim –Central Asia

Келесі қызметтерді ұсынады:

Тегін

Шетелде білім алу жөнінде консультациялар

Шетел университеттеріне түсу сұрақтары бойынша ашық дәрістер

Білім Орталығы кітапханасының қорлары: (үйге берілетін әдебиет – ақылы)

Әр түрлі баспалар (Peterson’s, Barron’s, Longman, College Board, etc.) кітаптары мен оқу құралдарымен ұсынылған.

АҚШ және басқа мемлекеттер оқу орындарының каталогтары

TOEFL, IELTS, GRE,GMAT,SAT, LSAT емтихандарына дайындалу материалдаы

Шетелде білім алу жөнінде анықтама материалдары

Ағылшын тілін өз бетімен меңгеруге арналған әр түрлі құралдар

Ағылшын тіліндегі аудиокассеталармен көркем әдебиеті

Ағылшын тілі клубы – тіл иеленушілермен жылы атмосферада қатынасудың бірден-бір мүмкіндігі

Интернет (күніне 40 минут)

Төлеулі:

Шетелде университетті жекеше таңдау

Ұлыбритания мен АҚШ-та ағылшын тілінің курстары

TOEFL бойынша сыналатын тестілеу (әр апта сайын)

TOEFL, IELTS емтихандарын тапсыруға дайындық курстар

TOEFL тестін тапсыруға тіркелу

“Erasmus Mundus” бағдарлама қатысушыларына ағылшын тілінен тестілеу

АҚШ, Ұлыбритания, Шенген визаларын алуға құжаттарды дайындау

Қазақстан ЖОО басқаратын құрамы мен «Ең озық оқытушы» сыйлығының номинанттарына тренинг ұйымдастыру

«МВА», «Басқару», «Экономика» мамандықтары бойынша магистранттарға арналған бағдарлама

АҚШ-тың білім беру жүйесі

Жоғары білім

АҚШ-та «жоғары оқу орны» деген ұғымның нақты анықтамасы жоқ. Негізі орта мектебінен кейін дайындықты жүзеге асыратын әр білім беру ұйымы, сондай-ақ «орта білім беру кейінгі» (post -secondary school) деп аталатын ұйымдар бірдей мүмкіндік деңгейде «колледж», «мектеп», «институт» немесе «университет» деп аталу мүмкін. Жоғары білім – АҚШ-тағы қымбат заттарының бірі болып табылады.

АҚШ университеттеріне халықаралық талапкерлерді қабылдау және саралау тәртібі ЖОО мәртебесіне байланысты болады. АҚШ ЖОО-ларына түсу үшін халықаралық студенттерге қажетті құжаттар:

-сауалнама

-эссе-дәйектеме

-ұсыным хаттар

-транскрипт, диплом көшірмесі, аттестат көшірмесі (ағылшын тіліне аударылған және нотариуспен куәландырылған)

— Студенттің қай бағдарламаға тапсыратынына байланысты (TOEFL, SAT, GRE, GMAT және т.б. ) тесттердің қорытындылары.

Аккредитация. АҚШ-ма Білім Министрлігі жоқ. Тек бір департамент біліммен айналысады. Білім қызметіне рұқсат қағазы жоқ. Оның орнына университеттер аккредитация алады. Сонымен қатар бұл жерде көптеген аккредитациялық ұйымдар бар және бір ұйымнана немесе бірнеше ұйымнан рұқсат алуға болады немесе рұқсат алмай-ақ жұмыс істей беруге болады. Сондықтан да университет таңдау кезінде бұл факторды түсіну және зерттеп білу өте маңызды.Аккредитация рейтингке, беделіне және сол университеттің білім беру сапасына әсерін тигізеді.

Колледждер: жергілікті, техникалық және бастауыш білім.

Бұл білім мекемелері университеттегі бастапқы екі жылмен салыстырмалы оқу бағдарламасын ұсынады. Бұдан төрт жыл оқудың нәтижесінен деңгей алуға болады. Одан басқа жергілікті колледждердің ерекшелігі – олар студенттерге мамандық беретін жалпы, техникалық және кәсіби білімнің курстарын ұсынады. Олардың міндеті әр тілеушіге білім беру болғандықтан, жергілікті колледждер негізгі талаптарға сай келетін студенттерді қабылдап, оқытудың төмен бағасы мен пәндердің үлкен таңдауың ұсынады.

Төртжылдық колледждер мен университеттер

«Колледж» және «университет» терминдері бірдей болмаса да, олар Америка Құрама Штаттарында бірін-бірі жиі алмастырады. Әдетте колледждер бакалавр деңгейін алуға мүмкіндік беретін оқытудың төртжылдық бағдарламасын ұсынады. Колледждер жоғары бастауыш білімнің бағдарламаларын ғана ұсынып немесе университет бөлігі ретінде тәуелді болып қала бере алады.

АҚШ-та екі мыңнан астам дәстүрлі төртжылдық колледж бен университет бар , олардың әрқайсысында өз өзгешелігі бар. Колледж өз бетімен мақсатын, мамандандыруды және студенттерді қабылдау ережелерін белгілейді. Мысалы, гуманитарлық колледждер гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдарға және тілдерге сүйенеді.

Көптеген фондтар мен үкіметтік емес ұйымдар әр жыл сайын мемлекеттің жоғары оқу орындарының «бағаламасы» жөнінде өзгеше есеп дайындайды (мысалы, «Карнеги классификациясы» бұл жерде тек қана америкалық университеттер сараланады). Ең озық дегендердің қатарына формалды емес клубтың (басында футбол клубы) құрамындағы университеттер кіреді – Гарвард, Пристон, Йель, Коламбия, Браун, Дартсмут, Корнелл, Пенсильвания және т.б.

Бакалавр деңгейіне ие болу үшін студенттер белгілі сынақ бірліктерін жинап, қажетті емтихандарды тапсыру керек.

АҚШ-та бакалавр деңгейіне қарағанда магистр деңгейі мамандандырылған қызметке бағытталған (музыка, бизнес басқару, техника, педагогика және т.б.). Бакалавр деңгейі бар адамдар 1–2 жыл ішінде оқуды бітіріп, <тезис> жазып және оны қорғау керек, бөлек университеттерде шетел тілі білімі талап етіледі. Тезистерді аналитикалық есеп беру немесе магистрлік деңгейге талап етушінің таңдалған тақырып бойынша ғылыми жұмысының есептемесі деп қарастырыуға болады.

Аса білікті маман дайындаудың жоғары кезеңі докторлық бағдарлама бойынша оқыту болып табылады, бұл мамандандырылған оқыту мен өз бетімен ғылыми зерттеуге бағытталған. Докторантураға магистр деңгейі бар ғана адамдар қабылданады, бірақ кейбір университеттерге бакалавр деңгейі де жеткілікті болып табылады.

Білім бағалау.

Студенттердің білімін бақылау үздіксіз тестілеу кезінде екі формада жүзеге асырылады:

Баға жүйесі әдетте әріптік, ағлышын алфавитінің алғашқы бес әріпінен тұрады. Орта есеппен алғанда, мемлекеттің мектептерінде бағалар келесі тәртіп бойынша сипатталады:

А — студенттердің 15 пайызы — әрдайым дайындықтың, терең білімнің және сонылықтың жоғары деңгейі (үздік).
В — студенттердің 25 пайызы — орташадан жоғары деңгей (жақсы).
С — студенттердің 35 пайызы — тапсырма орындаудың ортаорташадан төмен).
F — студенттердің 10 пайызы — қанағаттанғысыз нәтиже немеес оқу материалының толық білмеуі.

С-ке бағаланған үлгерім деңгейі бітіру кезеңіне дейін оқуды жалғастыру үшін қажетті болып табылады, В бағасы бітіруші ретінде оқуды жалғастыру үшін қажетті болып табылады.

TOEFL

АҚШ-та бірыңғай мемлекеттік білім беру жүйесі жоқ, әр штаттың оның құрылымың өз бетімен белгілеуге құқығы бар.

TOEFL (Test of English as a Foreign Language) – ағылшын тілі біліміне арналған стандартталған тест (Солтүстік Америка нұсқасында), оны АҚШ пен Канада университеттеріне түсу үшін ағылшын тілінде сөйлемейтін шетелдіктерде тапсыру қажет. Тест нәтижелері басқа ағылшын тілінде сөйлейтін және сөйлемейтін мемлекеттеріндегі ағылшын тіліндн оқытатын ЖОО-ларда қолданылады.

Тесттің бірнеше нұсқалары бар: қағаз нұсқасы (PBT — paper-based test) және интернет нұсқасы (iBT — internet-based test). Қазіргі кезде ақырғы нұсқасы көптеген ЖОО-ларда артық көрінеді, себебі ол тек оқу, тыңдалым және жазуды қамтып қоймай, сонымен қатар ауызекі сөйлеу мен құрамдастырылған тапсырмаларды құрайды.

SAT Reasoning Test (сонымен қатар «Scholastic Aptitude Test» және «Scholastic Assessment Test», сөзбе –сөз аударғанда «Мектеп бақылау тесті») – АҚШ жоғары оқу орындарына қабылдауға арналған стандартты тест.

Емтихан үш бөлімнен тұрады: мәтінді саралау, математика мен хат. Әрқайсысы 200-ден 800-ге дейін балл береді. Барлық нәтижелер 10-ға тең. Жалпы нәтиже үш бөлімнің нәтижелерін қосу арқылы қалыптасады. Әр ірі бөлім үш бөлікке бөлінген. Сонымен қатар үш бөлімде бола алатын эксперименталды және «теңестіретін» 10 бөлік бар. Эксперименталды бөлік тек қана статистика үшін қолданылып, соңғы нәтижеге әсерін тигізбейді. Тест 3 сағат 45 минутқа дейін болады, бірақ материал тарату мен ұйымдастыру мәселелеріне жұмсалған уақытты санағанда төрт жарым сағат шығады. Сұрақтар жай, орташа және қиын болып бөлінеді. Ереже бойынша жай сұрақтар басыңа қарай, ал қиындары бөлім соңында орналасады.

GRE (ағыл. Graduate Record Examinations) бұл тестті аспирантура, магистратура немесе АҚШ және басқа мемлекеттердің (сонымен қатар – Канада мен Австралия) ЖОО-ларының дипломнан кейінгі курсына түсу үшін тапсыру керек.

Емтиханның екі түрі бар. Жалпы тест (general test),және арнайы тест (subject): физика, химия, математика, биология, психология. General test тек қана математиканың мектеп бағдарламасымен шектеледі, ал subject тесті материал қамту бойынша ЖОО-ның үшінші-төртінші курсымен салыстыруға келеді. Көптеген бағдарламаларға түсу кезінде тек қана general test тапсыру сұралады.

General test математикадан басқа ағылшын тілінен білімді тексеруге бағытталған. Көп көңіл студенттің сөздік қорына бөлінеді.

Ең көп балл – 1600, 800 — математика үшін және 800 — ағылшын тілі үшін. Өту баллы – әдетте 50 пайыз. Егерде 800 балл жиналса, түстім деп есептеуге болады. GRE тесті ағылшын тілі – туған тіл болып келетін студенттерге бағытталған, бірақ Американдық магистратураға түсетін шетел студенттеріне бұл тестті тапсыру керек.

Без рубрики