Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ және «Қазпошта» АҚ Қарағанды облыстық филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды


Жақында Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында сөз алған «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры Е.Қ.Нұрланбаев бұл біздің университеттің студенттерімен алғашқы кездесу екенін атап өтті. Сондықтан ол студенттерді көптеген адамдар тек хаттар мен газеттерді жеткізумен байланысты деп санайтын кәсіпорынның қызметімен қысқаша таныстыруды қажет деп тапты. Дегенмен, Еран Құмарбекұлының айтуынша, «Қазпошта» АҚ – Қазақстанның барлық аумағы бойынша почта және қаржылық қызметтердің толық ауқымын ұсынатын қарқынды дамып келе жатқан компания. Оның құрамында мемлекеттің 100 пайыздық қатысуы бар банк бар. Мұның бәрі әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде IT-технологиялар бойынша мамандарды қажет етеді.

Айта кету керек, компания өткен жылды 3 млрд. Теңге пайдамен аяқтап, оны жылына 30 млрд. теңгеге жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл үшін барлық нақты мүмкіндіктер бар.

Мұны «Қазпошта» АҚ Қарағанды ОФ барлық басқа өкілдері де өз сөздерінде растап, компания бөлімшелеріндегі өз жұмыстары туралы айтып берді.

Студенттердің реакциясы мен айтылған сұрақтарға сүйене отырып, көпшілікті «Қазпошта» Қарағанды филиалында өндірістік практикадан өту және оның бөлімшелерінде кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігі қызықтырды. Биылғы жылы біреулер оны пайдалануы әбден мүмкін.

Кездесу қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ-дың атқарушы директоры А.З. Исағұлов пен «Қазпоштаә АҚ Қарағанды филиалының директоры Е.Қ. Нұрланбаев ынтымақтастық туралы тиісті меморандумға қол қойды.

Без рубрики