Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенттері SIKE стендтерінде және «Qarmet» АҚ цехтарында өз білімдері мен дағдыларын тексерді


Теміртау жоғары политехникалық колледжінің базасында металлургия бойынша Халықаралық студенттік олимпиада өтті. Ол көрнекті геолог ғалым және қоғам қайраткері Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналды.

Бұл олимпиаданың ерекшелігі оның SIKE аппараттық-бағдарламалық кешендерінің көмегімен өткізілуінде болды. Оған қазақстандық университеттер мен колледждердің өкілдері, сондай-ақ Ресейден келген студенттер қатысты.

Жарыс барысында балалар металлургия саласындағы ғылыми тәжірибелерімен алмасып, SIKE стендтерінде және «Qarmet» АҚ цехтарында алған білімдері мен дағдыларын көрсетті.

Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ атынан «Металлургия» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері – Еркебұлан Нартбай және Айбек Мұсабай қатысты, жетекшілері — PhD докторы Д.Р. Әубәкіров және т.ғ.к. Е.П. Набоко.

Олимпиада студенттерге өздерінің білімдері мен дағдыларын тексеруге мүмкіндік берді, олардың кәсіби өсуіне, оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға және дамытуға ықпал етті.

Без рубрики