Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің студенттері оқудың алғашқы күндерінен бастап ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартылуда. Барлық кафедраларда бұған көп көңіл бөлінеді.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы да шетте қалған жоқ. Мұнда «Chemistry and chemical technology», «Биотехнология» және «Пайдалы қазбаларды байыту» ғылыми үйірмелері жұмыс істейді. Осы үйірмелерде орындалатын ғылыми-зерттеу жұмыстары жыл сайын ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары оқу орындары арасында өткізетін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарындағы жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына (бұдан әрі — СҒЗЖ республикалық конкурсы) жіберіледі.
Мұндай конкурстар студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне үздіксіз, тұрақты қызығушылығын қалыптастыру, оларды халықаралық практикаға сәйкес ғылыми зерттеу қағидаттарына үйрету, СҒЗЖ сапасын арттыру мақсаттарын көздейді.
2022-2023 оқу жылындағы СҒЗЖ республикалық байқауының II кезеңінің қорытындысы бойынша «Пайдалы қазбаларды байыту» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын химия және химиялық технологиялар кафедрасының студенттері ерекше көзге түсті.
II дәрежелі дипломдармен Кенжин Жанай және Нагашыбай Мерей марапатталды (ғылыми жетекшілері — ХжХТ кафедрасының аға оқытушысы Әмірхан А.А., ХжХТ кафедрасының ассистенті Несіпбай А.Қ.).
ІІІ дәрежелі дипломдармен Сәрсен Ақнұр және Шаймерденов Темірлан (ғылыми жетекшілері — т.ғ.к., ХжХТ кафедрасының доценті Әкімбекова Б.Б., ХжХТ кафедраның аға оқытушысы Карилхан А.К.), Ақатай Бақтияр және Шынатбай Дариға (ғылыми жетекшілері — т.ғ.к., ХжХТ кафедрасының доценті Омарова Н.К., т.ғ.к., ХжХТ кафедрасының доценті Шерембаева Р.Т.).
Ғылыми жетекшілер мен студенттерді құттықтаймыз!