Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студентіне ҚҚМЗ бұрынғы директорының атаулы стипендиясын тағайындады


Университеттің стратегиялық серіктестерінің бірі – «Kazakhmys Smelting» ЖШС Бас директоры Жәнібек Байғабелов Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының студенттеріне ҚҚМЗ бұрынғы директоры Г.П. Ли атындағы стипендия тағайындады.

 Меморандумға қол қоюға Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ атқарушы директоры А.З. Исагулов, машина жасау факультетінің деканы И.И. Ерахтина, «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі В.В. Юрченко, профессорлар К.Б. Қызыров, О.М. Жаркевич, Т.М. Бузауова және М.М. Мұсаев қатысты.

Ли Геннадий Павлович 1949 жылы Талдықорған облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1967 жылы «Средазцветметремонт» Жезқазған басқармасының слесарі болып бастаған. 1970 жылдан бастап Қ.И. Сәтбаев атындағы Жезқазған тау-кен металлургия комбинатында, одан кейін «Қазақмыс» корпорациясында жұмыс істеді. Жобалау зертханасының инженер-конструкторы, конструкторлық бюроның бастығы, тау-кен-шахта жабдықтарын жөндеу зауытының директоры лауазымынан бастап Корпорацияның жаңа техника жасау жөніндегі бірінші вице-президентінің орынбасарына дейінгі мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен өтті. 1999 жылдан бастап 2012 жылға дейін Қарағанды құю-машина жасау зауытының директоры болып жұмыс істеді. Ли Г.П. жетекшілігімен зауыт ұжымы барлық тоқтап тұрған цехтардың жұмысын қалпына келтіріп қана қоймай, өнімнің жаңа номенклатурасын игерді.

Осы жылдан бастап ҚҚМЗ бастамасымен «Технологиялық жабдық, машина жасау және стандарттау» кафедрасының студенттеріне Г.П. Ли атындағы стипендия тағайындалды. Бірінші жеңімпаз ашық конкурстың қорытындысы бойынша таңдалды. Ол машина жасау факультетінің студенті, Маш-20-3 тобының студенті В.П. Рубенков болды.

ЖОО басшылығы Корпоративтік университет бойынша өзінің стратегиялық серіктесіне бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда, ғылымды қажетсінетін технологияларды әзірлеуде және өндіріске енгізуде, ПОҚ мен студенттерді жүйелі қолдауда жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Без рубрики